Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 166 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығында:
көрсетілген бұйрыққа 20-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 160023, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын үй алабы, ғимарат 4542.»;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығында:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
14-тармақта:
25) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 27-3) тармақшамен толықтырылсын:
«27-3) тиісті аумақта төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;»;
18-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Басқарманың жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітуді қамтамасыз етеді;»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
14-тармақта:
25) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 27-3) тармақшамен толықтырылсын:
«27-3) тиісті аумақта төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;»;